Сиыр

Бұл бетте «Сиыр» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Сиыр-сиыр сиырды-ай,
Сиыр мұрнын жиырды-ай.
Су бойында сұрша қыз,
Енді кімге бұйырды-ай».
Осыны айтып шешеміз,
Сиыр сауар неше күз.
Өгізге артып отынын,
Таудан асып көшеміз.
Құрт, ірімшік, айран бар,
Сауық пенен сайран бар.
Уызға тойып бұзауқан,
Жайраңдар да тайраңдар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері