Қой

Бұл бетте «Қой» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қоңыр-қоңыр қойларым,
Неге аласа бойларың.
Кішілікпен күн көріп,
Сабырлықты ойладың.
Қабат-қабат тоның бар,
Тоңбайтұғын жөнің бар.
Таймайтұғын тұяғың,
Тау мен таста жолың бар.
Шопан ата баққан мал,
Барша жұртқа жаққан мал.
Қой баласы қоңырым,
Сүті бұлақ аққан мал.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері