Апасының баласы

Бұл бетте «Апасының баласы» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

- Баласысың сен кімнің?
- Мен апамның баласы.
- Әдемі екен белдігің,
Кім сыйлаған шамасы?
- Оны ағам әкелген!
- Әй, білмеймін, Папа ма?
- Ұят болад әжемнен,
Оның атын атама!
- Жаңылғансыз шамасы,
Мен апамның баласы.
Түсіп қалғам аузынан,
Жоқ ешкімнің таласы!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері