Мысық

Бұл бетте «Мысық» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Пыр-пыр мысық пыр мысық,
Тырнақтары жүр қышып.
Тал-теректің басына,
Өрмелейді тырмысып.
Тышқан көрсе қуады,
Бірден-бірден қырады.
Әбден тойып болған соң,
Артынан бет жуады.
Пеш түбіне келеді,
Жылы жерді көреді.
Бас алмастан пырылдап,
Сосын ұйықтай береді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері