Төрт маусым

Бұл бетте «Төрт маусым» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Көктем» келсе дала гүлдеп,
Көгеретін шақ екен.
Көп білімнің шуағына
Бөленетін шақ екен.
«Жаз» деген сөз – жасыл тірлік
Бой жазатын кез екен.
Жазу жазып жас балалар
Ойланатын кез екен.
«Күз» дегенің – іздегенің
Молшылық пен жемісің.
«Бестік» баға берсе ұстаз,
Қол бұлғайды жеңісің!
«Қыс» дегенің – қары қалың
Аязды шақ ақ қырау.
Марапатпен мадақталып,
Шана мініп шапқылау.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері