Жаңа жыл

Бұл бетте «Жаңа жыл» атты Жәди Шәкенұлы жазған мерекеге арналған өлең берілген.

Аппақ қар даламыз,
Той думан қаламыз.
Жыл келді, алақай,
Көп сыйлық аламыз.
Сабақты жаттаймыз,
Үмітті ақтаймыз.
Келгенде жаңа жыл,
Бір жасқа аттаймыз.
Ел қамын ойлаймыз,
Білімге тоймаймыз.
Жаңа жыл, жаңа күн,
Ән салып тойлаймыз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері