Бір Алла

Бұл бетте «Бір Алла» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Айтшы, ата, аюдан
Қорықасың ба? – деді Ерсін
– Аю түгіл арыстан...
Қорқыта алмас, не дерсің?
– Онда?
Ерсін таңғалып,
Ауыр ойда қалды ұзақ
Деді атасы:
– Қорқамын,
Бір Алладан жалғыз-ақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері