Биші

Бұл бетте «Биші» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жалт-жұлт етіп киімі,
Жарқ-жұрқ етіп көздері,
Ел қараса сүйініп,
Тамсантады өзгені.
Көңілі көктем, жаны нұр,
Бишіні мың бұралған,
Сахнадан тағы бір
Көру деген бір арман.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері