Күлпәш
Бұл бетте «Күлпәш» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегіңе бір салмақ түсті ме екен?
Бір өксік домалады-ау тамағыңда,
Күлпәштің мұңы тұрды жанарында.
Көңілім босап кетті қарап тұрып.
Ақан аға, халқың бар ғой артыңда,
Өнеріңді өрге сүйрер ел барда.
Шындықпенен шыңға жетер үнсіз-ақ,
Өшпес өнер ғасырларға жол тартар.
ілтипатың таусылмасын ешқашан.
Кешегі күннің қасіретін кім білген,
Аштық жайлы аңыз емес — бұл шындық.
Ашаршылық талай жанды жалмады,
Бұған куә — «Күлпәш» атты туынды.
Ашық аспан — елдің бағы, жердің құты,
Бейбіт күннің әрбір таңы — өмір нұры.
Нанымыз бар — ең бастысы дастарқанда,
Құт-береке шаңырақтан арылмасын.
Ақан аға, халқың бар ғой артыңда,
Өнеріңді өрге сүйрер ел барда.
Шындықпенен шыңға жетер үнсіз-ақ,
Өшпес өнер ғасырларға жол тартар.
ілтипатың таусылмасын ешқашан.
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі