Жанарымнан күндіз-түн алау кетпей
Бұл бетте «Жанарымнан күндіз-түн алау кетпей» атты Нұржан Қыдырәлі жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанарымнан күндіз-түн алау кетпей,
Сен дегенде демім – жел, санам – көктей.
Айға қолы жетпей жүр талайлардың,
Айдың қолы тұрғанда саған жетпей!
Жұлдыздарын кешқұрым жағып бастап,
Түн құшағын ашқанда қауіпті,
Асқақ.
Айға Сен де қарайсың,
Кірпігіңмен –
Әр сәулесін ұмтылған қағып тастап.
Қажеті жоқ нұрдың да артық, бөтен,
Құшағыма құйылсаң балқып бекем.
Сен дегенде бой бермей,
Артық кетем,
Ай жетпес,
Ой түбіне тартып кетем.
Шын сезімді сағынбай құшпайды адам,
Естеліктер жау емес тіс қайраған.
Мен сондықтан бұл күзде ұшпай қалған,
...Құсқа айналғам.
Осы бақты қай уақыт алып қашпақ?
Өзіміз – би,
Оны ұзақ қалықтатсақ.
Күзетемін телмірген саған әрбір,
Ай сәулесін қаламмен қағып тастап!
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі