Ең қымбат

Бұл бетте «Ең қымбат» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кіндік кескен жер қымбат,
Туып-өскен ел қымбат.
Жарық шашқан күн қымбат,
Жайнап өскен гүл қымбат.
Елді ойлаған ер қымбат,
Тілдесетін тіл қымбат,
Кеудедегі жан қымбат,
Бәрінен де ар қымбат.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері