Сентябрь – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сентябрь» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3856
Сентябрь — сары жапырақ, сары ала күз
Сары алтындай.
Далиып жатыр сұрғылт далада аңыз
От шашқан самұрықтың қанатындай.
Сентябрь —
сан бояулар сәулелері,
Сентябрь — сан сурет құбылысы —
Сентябрь — сары атандай тау бедері,
Сентябрь — сары ала көл тұнық іші.
Табиғат сентябрьге ара тұрмай
Айрылып ертең-бүгін қалатындай.
Сол үшін көкірегіне баса түсті
Көтеріп сентябрьді дала тудай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері