Бұл бетте «Шіліктер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2791
Баян бойы шіліктер,
Қызыл шілік, қыз шілік.
Сол шіліктер тіршілік
Бір-бір адам бір шыбық
Баян бойы шіліктер.
Зифа бойлы талдырмаш,
Сол шілікпен тау құрдас.
Сол шіліктер жастықпен,
Жаны бірге тағдырлас.
Баян бойы шіліктер,
Бойын түзеп жасанған,
Шіліктер қыз-жігіттей,
Жылдар көктеп жасарған.
Қартаймайтын үміттей
Баян бойы шіліктер.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі