Миллиард – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Миллиард» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2367
Алып күшті диқандар шың тұлғалы,
Жатты ма әлде жыр жазып тың туралы.
Қара мақпал қою түн қойынында,
Жер оттары жұлдыз боп жылтылдады.
Миллиард үшін басталып жаңа жорық,
Бірге аттанды кәрі, жас бала болып.
Қызыл қырман таулары қырда орнап,
Тербетілді тың күйге дала толып.
Құбылмалы болса да күз ызғарлы,
Жылытты оны диқанның қызу қаны.
Жал-жал болып жонында аңыздардың,
Комбайншы ерлердің ізі қалды.
Бір мен миллиард қанша алыс аралары,
Біледі оны кішкене бала-дағы.
Бірден бастап миллиардты жалғыз аттап,
Жанды бүгін қайтадан дала бағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Миллиард өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Миллиард өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Миллиард өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Миллиард өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері