Қысқы жолда
Бұл бетте «Қысқы жолда» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қараңғы түн, сары дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді,
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі...
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап.
Аузы-басы жыбырлап,
Асып-сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді.
Сүйіп ақырын құшақтап,
«Әпсүн» оқып үреді.
Барады үдеп бұл боран
Жанымда жоқ тірі жан.
Тоңазыды денем де.
Адаспай дұрыс келем бе?
Қорқып жүрек ойнайды,
Көз алдыма елестеп,
Әлде нелер келеді.
Боранын тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады,
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қаларын кім біледі?..
Магжан Жумабаев 1893жылы туылды
маган кыскы жолда оленинин музыкасын жиберинизши
Жақсы
Менің көңілінен шықты жақсы керемет өлең
Маған кішкене бұл тақырыпқа шығарма керек?!
Жаксы, бирак бизде онын кыска тури...
сурет керек
Маған ұнады!!!
Маған тоже ұнады и толык нұскалары бар
2024 тен кім бар?
Мен 2024
Өлен өте күшті!мағаң қатты ұнады
Өте көп,мен іздегені жоқ!!!!!
(кыс) деген оленын кым быледы?