Ноль – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Ноль» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 2
  • 4
  • 15087
Қаламым, қарындашым – жан жолдасым!
Жау болды жан аяспас сан жолдасым.
Қайрылып, мейірімденіп қарамайды,
Кеше – аласа, бүгін – зор, паң жолдасым.

Жарқырап нұрын шашып, жанады шам,
Талайлар пайда алады жарығынан.
Су тамып, не жел тиіп сөне қалса,
Көрмей басып, таптайды пайда алған жан.

Демеймін мұңымды айтып зарланайын,
Жаралыс солай қылған адам жайын.
Жарық алып жалғанды тексерсең де,
Таза жүрек таппайсың, сол уайым...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (4)

адеми

маган катты унады,керемет екен

Аягөз

Өте керемет тақпақ екен маған қатты ұнады

Ерасыл

Оте магыналы олең . Әр айтқан сөзі бір адамның омири

Осы автордың басқа өлеңдері