Әке насихаты – Нұрбол Бимұрзаев

Бұл бетте «Әке насихаты» атты Нұрбол Бимұрзаев жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.03.2016
  • 0
  • 0
  • 5840
Әке насихаты
Әкесіне мұңын шертті баласы:
Қалжыратты өмірдің бақ таласы,
Бар ма екен күндестіктің шарасы,
Пәленшенің сұм ісіне қарашы,

Қинап барад қас жүректің жарасы,
Қойдым бәрін кетті жұмыс мазасы,
Мен де оған арамдық қып ор қазам,
Бәлкім осы болар оның жазасы...

Деді әкесі қарап жүзбен қуарған:
Жаман ойлар санамызды суарған,
Осындай торғыл ойлар торланар,
Қуған сайын жеткізбесе қу арман.

Болып тұрар жағдайлар да келеңсіз,
Болмас ғұмыр мінсіз белес белеңсіз,
Майда шүйде мәселені дерт етпей,
Көңілге алмай өткер оны елеңсіз.

Өмір жалған мойымағын ешқашан,
Армандарға асқақтаудан тыйылман,
Серпіл, сілкін, қамықпа, алға ұмтыл,
Мен сен үшін бір Аллаға сыйынам.

Отбасыңмен елің саған аманат,
Болғайсың сен әрқашанда қолғанат,
Үмітсіздік ер жігіттің ойраны,
Ер жігітке жарасады мол талап!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке насихаты өлеңінің авторы кім?

Нұрбол Бимұрзаев — осы өлеңнің авторы.

Әке насихаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке насихаты өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке насихаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері