Пайғамбар Мұса жолықса – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Пайғамбар Мұса жолықса» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 3
  • 18320
Пайғамбар Мұса жолықса,
Сөйлесiп көңiлiм орнықса:
«Адасты жебiрей,– дер едiм,–
Тәуратты қайта толықта!»

Дәуiттi көрсем, ән салып,
Қуанар едiм қарсы алып:
«Ақында қалды иманың,
Тағы үйрет,– дер ем,– бiр барып».

Зардөшке айтсам кезi кеп:
«Үйреттiң ақыл нұр ғой деп.
Ұға алмай отқа шоқынып,
Бұзылды елiң боғын жеп».

Будданың ұстап бiлегiн,
Айырылмай бiрге жүремiн:
«Жәдiгөй, бақсы, ламаға,
Шоқынды елiң, бiлемiн».

Айсаны көрсем егер мен:
«Тіріл,– дер едім,– қайта сен.
Сенi құдай дедi де,
Айырылды халқың дiнiнен».

Мұхамметтi көре алсам,
Сөз айтып, жауап бере алсам:
«Адасты молда,– дер едiм,–
Құраныңды үйрет, келе алсаң».

Бұл күнде дұрыс иман жоқ,
Шатақ дiн нәпсi тыйған жоқ.
Ақылы саудың ойына,
Алдамшы дiндер сыйған жоқ.

Анықты ешкiм тапқан жоқ,
Iздемей қарап жатқан жоқ.
Әлiмдi залым қылатын,
Шатақ дiндей қақпан жоқ.

Ақыл да бездi олардан,
Iз қарап жүр сонардан.
Байқамай көбi адасты,
Көңiлге бiрақ сол арман.

Көрмедi сынап дүние iсiн,
Бiлмедi құдiрет киесiн.
Денеге жанды жеңгiзiп,
Таба алмай қойды Иесiн.

Затшылдық көзiн байлады,
Адастырып айдады.
Жан билемей, тән билеп,
Ақылдың соры қайнады.

Ғылым деп уды жегiздi,
Денесiз зат жоқ дегiздi.
Дәлелсiз пәнмен перделеп,
Тапқызбай қойды негiздi.


Пікірлер (3)

Дәниел.

Өте жақсы норм екен.Бірақ Пайғамбарға (с.ғ.с.) арналған өлеңдер барма???

Махамбет.

Күшті өлең екен.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пайғамбар Мұса жолықса өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Пайғамбар Мұса жолықса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пайғамбар Мұса жолықса өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Пайғамбар Мұса жолықса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері