Балалық шақ – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Балалық шақ» атты Гүлсана Тілеубекова жазған бала туралы өлең берілген.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 1
  • 18478
Балалық шақ қайталанбас бақыт ғой,
Қымбат екен әр бір өткен уақыты.
Ата-ана ғой қабағыңа қараған,
Мейірім төгіп қамқор болған әрқашан.

Көктем шықса барамыз біз қырларға,
Ойнайтынбыз кеш батқанша қызығып.
Қандай ғажап десеңізші сол кездер,
Қимай ұзақ қарап тұрдым қыр жаққа.

Тоғайда бар ауылдың етегінде,
Баламыз біз ойын десе жан қияр.
Ұмытуға болмайды екен деп білем,
Достарыммен бірге ойнаған уақытты.

Ойым менің шарықтаған аспанда,
Балалықтан арман болған әр таңда.
Болсам дер ем мұғалимадай жанашыр,
Бала жанын түсінген ғой әрқашан.

Өтіп жатты осылайша балалық,
Қайта кел деп, қол бұлғасаң келмейтін.
Осылайша жыр шумағын аяқтап,
Қош бол енді, қайта келмес балалық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айханым

Өте керемет өлен,маған қатты ұнады,ертең осы өленмен конкурсқа дайындалып жатырмын,көп рахмет

Осы автордың басқа өлеңдері