Жаушықұм – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Жаушықұм» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2882
Мұра боп жеткен қамалдан,
Жаушықұм қазір жаңарған.
Теңеуді таппай отырмын,
Теңесе алар соған дәл.

Киелі және құт мекен,
Сүйегің сенің мықты екен.
Шайырлар менен сал Сері,
Өзіңнен қанша шықты екен?!

Бақытым,бағым өз елім,
Өзіңде өсіп есейгем.
Биік болсыншы әрқашан,
Кең құшақ жайған керегең.

Жаушықұм атты төбешік,
Кімдерден бізге қалмаған?!
Байлығын елге ақтарған,
Солармен мен де мақтанам.

Санамда сыр ғып сақтаған,
Жүректе жыр ғып жаттаған.
Жырымды менің қабыл ал,
Жаушықұмыммен мақтанам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері