Көп еді, аға, арманыңыз – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Көп еді, аға, арманыңыз» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 9983
(Нұрғиса Тілендиевке)

Өлмес ғұмыр кештің ұзын,
Әнге қосып, көш қызығын.
«Көш керуенге» сіз бастаған,
Ұрпақтарың ілесті бүгін.

Жырға қосқан өз еліңді,
Етті сізді кезең үлгі.
«Қайтқан құспен» бірге кеттің,
«Аманаттап» кезегіңді.

«Сары жайлау», сары белді,
Әуенге сап, әніңе өрдің.
Нұрғиса аға, ұлы едіңіз,
Қара қазақ - қалың елдің.

Ағаңыз да тамаша-тын,
Оған кім бар таласатын.
«Аққу» күймен аспандаттың,
Қаймана елдің тамаша атын.

Қалың қазақ арманымыз,
Ата болып толғадыңыз.
Әттең ғұмыр қысқа болды,
Көп еді алда арманыңыз.

Күйіңде елдің кеңдігі бар,
Махамбеттің өрлігі бар.
Тірлігіңде қадіріңді,
Білмегендер енді ұғынар.

Мұра сынды-мұрагерің,
Іштен шыққан бір әлемің.
Жүрегімнен орын тепті,
«Алтын дәнмен» мына менің.

Қалай тұрам,жыр ағызбай,
Айналсаңыз жыр, аңызға-ай.
Құстар қайтып келер әлі,
«Сөнбес әже» шырағындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп еді, аға, арманыңыз өлеңінің авторы кім?

Гүлсана Тілеубекова — осы өлеңнің авторы.

Көп еді, аға, арманыңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп еді, аға, арманыңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлсана Тілеубекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп еді, аға, арманыңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері