Өлең, жыр, ақындар

Көп еді, аға, арманыңыз

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 9862
(Нұрғиса Тілендиевке)

Өлмес ғұмыр кештің ұзын,
Әнге қосып, көш қызығын.
«Көш керуенге» сіз бастаған,
Ұрпақтарың ілесті бүгін.

Жырға қосқан өз еліңді,
Етті сізді кезең үлгі.
«Қайтқан құспен» бірге кеттің,
«Аманаттап» кезегіңді.

«Сары жайлау», сары белді,
Әуенге сап, әніңе өрдің.
Нұрғиса аға, ұлы едіңіз,
Қара қазақ - қалың елдің.

Ағаңыз да тамаша-тын,
Оған кім бар таласатын.
«Аққу» күймен аспандаттың,
Қаймана елдің тамаша атын.

Қалың қазақ арманымыз,
Ата болып толғадыңыз.
Әттең ғұмыр қысқа болды,
Көп еді алда арманыңыз.

Күйіңде елдің кеңдігі бар,
Махамбеттің өрлігі бар.
Тірлігіңде қадіріңді,
Білмегендер енді ұғынар.

Мұра сынды-мұрагерің,
Іштен шыққан бір әлемің.
Жүрегімнен орын тепті,
«Алтын дәнмен» мына менің.

Қалай тұрам,жыр ағызбай,
Айналсаңыз жыр, аңызға-ай.
Құстар қайтып келер әлі,
«Сөнбес әже» шырағындай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Облыс әкімі М.Асқар ағама

  • 0
  • 0

Оңтүстікке басшы етіп, сайлады елің,
Бір өзіңе ағажан сенім артып.
Қызметтің қиын-қыстау кездерінде,
Келесіз келелі істер атқарып-ақ.

Толық

Шардараның іргетасын қалаған Ауданымыздың құрметті азаматы Тәңірберді Ағманұлы атама арнаймын

  • 0
  • 0

Жүрегі кең әрқашанда жаны адал,
Ел еңбегін ерлікке оның балаған.
Өзіңізді құрметтейді қалың жұрт,
Шардараның ірге тасын қалаған.

Толық

АЯҚТЫ ШАЛЫС БАСПАҒЫН

  • 1
  • 15

Ғибратты ізін жалғап ізгінің,
Оянуға тілек еттік біз бүгін.
Қыз-ғұмырды шаңға көміп кетеді,
Абайсызда шалыс басқан бір күнің.

Толық

Қарап көріңіз