Мұқан ағайға – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Мұқан ағайға» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2189
Қажымұқандай денелі,
Мақтайды сізді деп елің.
Интернатқа басшы боп,
Жемісін еңбек көре біл.

Қалбибі дейін апайдың,
Жолдасы жомарт атандың.
Білім беріп жастарға,
Ақсақалдардан бата алдың.

Бақытты ғұмыр кешкейсіз,
Шырақтай жанып өшпейтін.
Шәкірттерге сыйлап шаттығын,
Жұлдыздай жансын шоқтығың.

Мейірбан сіздей басшыны,
Көрмеген едім тап шыным.
Ауылды сіздей басқарған,
Білгем жоқ әлі жақсыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері