Сұраған жанға сәлем айт

Бұл бетте «Сұраған жанға сәлем айт» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 4
  • 12517
Сұраған жанға сәлем айт,
Бiзден кейiн қалған:
«Тезiрек,– деп тұр,– үйге қайт»,
Өлiм деген балуан.

Жардың нұрын жарқыратып,
Салдым елдiң алдына.
«Мал емес»,– деп кеттi шатып,
Болмады жан алған.

Өзiмдi сөктi достарым:
«Айтасың,– деп,– жалған».
Көзi бар, миы бостарым,
Нұр алмады жардан.

Сүйтсем, олар – керең, соқыр,
Көз дегенiм – қара су.
Құлағы – тас, ұқпай отыр
Жүрегi – мұз, қардан.

Айуанға алтын сатам деп,
Айландым мен ақымақ.
Бiрi шөп, бiрi жемтiк жеп,
Кеттi алтынды таптап.

Сопы кеттi мешiт жаққа,
Тура жолдан адасып.
Кiрiп кеттiм мен кабакқа
Таза арақты мақтап.

Арамнан азық жегендi
Ала алмадым ақтап.
Түсемiн отқа дегендi
Қала алмадым сақтап.

Бiрi етiмдi, бiрi түктi
Талап өңкей айуан,
Қуып шықты‚ көрге тықты‚
Өлтiрдi екi жақтап.

Қызырдың мәңгi сулары –
Алдап айтқан айлаң.
Жарымның ерiн дымдары –
Жан беретiн пайдам.

Мас болып ап тепкенiмде
Ескi дүние жоқ болар.
Мен айықсам, бар боп мүлде
Алдап тұр ол қайдан?

Өмiрден мақсұт – хақиқат‚
Соны iзденiп алмақ.
Нәпсiге ерiп болма мат‚
Ол сенi отқа салмақ.

Өмiр түбi өлiм болса‚
Мейлiң жыла‚ мейлiң күл.
Мың жыл саған Қыдыр қонса‚
Ол суалып қалмақ.


Пікірлер (4)

Мұстафа

Олар құдай сенбейміз ол мал емес мал болса алар едім диді және құлағы көзі аман болсада мынаны оқыдесе бір рет оқидыда тастап бір денемен айналысып кетеді

Нұрым

Керемет өлен тура мағынада

Сара

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Сұраған жанға сәлем айт…» өлеңі қазақ поэзиясының терең философиялық мәнін танытады. Өмір мен өлім, ақиқат пен жалған арасындағы күрес поэтикалық суретпен беріледі, адамның ішкі жан дүниесін ашық әрі әсерлі тілмен жеткізеді. Әсіресе, автордың өмірдің мәні мен адамдық абыройды іздеу тақырыбын ұтымды қолдануы қазіргі оқырман үшін ерекше мағыналы. Бұл шығарма қазақ әдебиетін жақсы көретіндерге ғана емес, поэзия арқылы рухани ой толғанғысы келетін кез келген адамға қызықты әрі шабыттандыратын дүние. Поэзия lovers және әдебиет оқырмандары үшін бұл туынды — жүрекке жетерлік шынайы ой, іштей терең ой салатын өлең.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұраған жанға сәлем айт өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Сұраған жанға сәлем айт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұраған жанға сәлем айт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұраған жанға сәлем айт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері