Сағындым әже
Бұл бетте «Сағындым әже» атты Гүлсана Тілеубекова жазған әже туралы өлең берілген.
(марқұм нағашы әжемнің рухына арнаймын)
Өзіңсіз мынау жалғанда,
Қайғының орны толар ма?
Өмірден өткен жан әжем,
Кезек бір келер маған да.
Көктемі кетіп, күз кеудем,
Әжемді жүрмін іздеумен.
Мен сізден күдер үзгем жоқ,
Басқадан күдер үзгенмен.
Санамды билеп мұң-қайғы,
Ұйқымды күнде ұрлайды.
Тұрлаусыз мынау тіршілік.
Ешкімде мәңгі тұрмайды.
Бәрінен кейде кеш қалып,
Жоғалтқандаймын есті анық.
Жан әжем, аза жыр жаздым,
Сағынып сізді еске алып.
маған əже туралы өлең ұнады
Маган аже деген катты унайды
Маған өте қатты ұнады
Өте тамаша!!! Маған қатты ұнады.
мен жылап калдым
Әжемді қатты сағындым. Мен оның өткеніне әлі сене алар емеспін.
Нағашы әжемді сағындым
Ажемді катты сағындым