Анашым – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Анашым» атты Гүлсана Тілеубекова жазған ана туралы өлең берілген.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 1
  • 5296
Анашым менің жаны асыл,
Қызыңа әркез панасың.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Бәрінен маған дарасың.

Жанымда аман жүре бер,
Ананың жолын біледі ел.
Ақ сүтіңмен нұрланып,
Қырмызы қыз боп түлегем.

Ақ жаулықты ақ анам,
Өзіңді жүрем паналап.
Сыйладың өмір шаттығын,
Өзіңсің менің бақ-гүлім.

Ақ сүтің мен берілген,
Өлеңмен өмірім өрілген.
Алладан тек бір тілерім,
Аман болсыншы сыр елім.

Таза да тұнық жүрегің,
Қамқоршым өзің,тірегім.
Өзіңмен ойнап-күлемін,
Жүз жасқа кел соны тіледім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Мако Мико

Маған ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері