Өзің бе, әсем – Медеу Демеу

Бұл бетте «Өзің бе, әсем» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3579
Жаның да әсем, жаным-ау, әнің де әсем,
Жырларымның жүресің бәрінде сен.
Дауысың мен өзіңді күтем күнде,
Шын сүймесем егер де сағынбас ем.

Сағынбас ем, мен сені сағынбас ем,
Даусың сенің мен үшін лағыл да әсем.
Өзің үшін өлімге барамын мен,
Тастасаң да толқынды ағынға сел.

Өзің салған сол әннің ырғағыннан,
Ой-санамды ойнақы жырға бұрам.
Жүрегім де, жырым да сен боласың,
Құласам да қайғы-мұң шыңдарынан.

Өзім бе едің, әлде сен сөзім бе едің,
Бір сені ойлап қанша күн көз ілмедім.
Жабырқаған жаныма жазын сыйлар,
Бақытым да, бағым да өзің бе едің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзің бе, әсем өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Өзің бе, әсем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзің бе, әсем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзің бе, әсем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар