Сүйгенің сатып кетсе егер – Медеу Демеу

Бұл бетте «Сүйгенің сатып кетсе егер» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4081
Түскенде өзің еске өлең,
Күтуші ем сені кеште мен.
Жаным-ау, сенсең азапты,
Дәл мендей ешкім кешпеген.

Қол бұлғап талай қайғы алдан,
Мұңды бір жанға айналғам.
Теңеуші ем сені жібекке,
Кем көрмеуші едім Айманнан.

Қазір де мұңлы күйде өлең,
Жанымды азап билеген.
Бір сені білсең әлі ешкім,
Дәл мендей ессіз сүймеген.

Көрмеген ешкім тозақ қып,
Махаббат деген-азаттық.
Тәлкекке соны салар көп,
Сезімсіз жандар мазақ қып.

Бақытын таппай іздеген,
Құлазып кеттім күзбенен.
Жарқыным, әлі жоқ шығар,
Дәл мендей сені іздеген.

Түсінгін, мейлі, түсінбе?
Есімде жүрсің, түсімде.
Кінәлі мен-ақ болайын,
Сүйгенім сені үшін де.

Кездескен сәттер кештегі ең,
Бәрін де, жаным, ескерем.
Келмейді екен күй қайтып,
Сүйгенің сатып кетсе егер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйгенің сатып кетсе егер өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Сүйгенің сатып кетсе егер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйгенің сатып кетсе егер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйгенің сатып кетсе егер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері