Қыйлаш – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қыйлаш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 996
Қарағым, айналайын, өкпем деймін,
Естілсе жаман атың, өкпелеймін.
Лебізің өзің берген өзің жұтсаң,
Зәбірің басылмайды көпке дейін.

Хат жаздым қалам алып, шырағым-ай,
Лебізің таудың таза бұлағындай.
Көзіме көрінесің жарқ-жұрқ етіп,
Киіктің тауда ойнаған ылағындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері