Ауырмашы

Бұл бетте «Ауырмашы» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 1
  • 5878
Ауырмашы, ауырма, ауырмағын,
Емдей алар дейсің бе, тәуір дәрің.
Сүтке тойған мысықтай сырт айналар,
Сәлем берсе елпілдеп, сауыңда кім.

Көтер басты, бой ұрма дерт дегенге,
Қызып-жанып жатқанмен өрт денеңде.
Мына өмірде жұмыстар жетіп жатыр,
Бас қатырар біздерге дерттен өңге.

Сауық, жаным, көзіңе мұң үйірме,
Ата анаңның алдында, жүр үйіңде.
Мені айналып өтпейді сенсең егер,
Қуанышың, бақытың, күйігің де.

Тірлікте бұл тартымсыз божыраған,
Енді айтылар көп болса азырақ ән.
Дәрігер мен дәріден дәрмен кетсе,
Өлеңіммен өзім-ақ жазып алам.


Пікірлер (1)

Айсұлу

Авторы жазылмаған ғой ????????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауырмашы өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Ауырмашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауырмашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауырмашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері