Түлек әні
Бұл бетте «Түлек әні» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
("Мектеп вальсі" әуенімен)
Өмір легі міне өзгерді,
Бойға ыстық жалын тараған.
Қанат қағып ұшар кез келді
Қымбат, жақын мектеп-анадан.
Достар, достар!
Көңілдерде - арман!
Асу, асқар
Күтеді алдан!
Жанымызға шуағын төккен
Ыстық бізге ауыл тау, тасы.
Балалық шақ қызығы өткен
Қош болып тұр, мектеп партасы.
Достар, достар!
Көңілдерде - арман!
Асу, асқар
Күтеді алдан!
Қалар артта нұрлы балалық,
Ұстаздар да қалар қоштасып.
Достар, қатар қанат қағалық,
Өмірде де бірге достасып.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі