Өлең, жыр, ақындар

Жігерлендіру

  • 24.06.2016
  • 1
  • 19
  • 157447
Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасына алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сәтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың,:
Мен бірақ селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені - өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға.
Басындағы бөрік пе,
Орамал ма?
Бөрік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сәбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,
Әй, әй, жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нәресте көруге тиісті емес,
Әкесінің еңкілдеп жылағанын,
Әкесінің тым күйреп құлағанын.
Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы бір-ақ адым.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын.
Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кәне, басыңды,
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған:
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақкөйлекті кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?
Кім айтты саған:
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген - әлемнің ұлы байлығы.
Бетіне жиған ұятты
Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорғайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойынды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше!



Пікірлер (19)

жанна

жігерлендіруді бөліп тастапсыз толық емес

Руслан

Керемет олен Керемет магынасы осындай акындарымыздын ойлары урпакдарга дарысын

ЖАНСАЯ

Сондай керемет өлең

Бақтияр

Тамаша өлеңдер. Мұхтар ағаға рахмет.Ташкент облысы Шыршық қаласы.

Бақтияр

Тамаша өлеңдер.Маған өатты ұнады.

Ұлықпан

Өте керемет өлең

Кайырхан

Магынасы зор өлен шумактары,мыкты

Т.Жансая

Өте кеееремет

Айсулу

Адем жазылган олен

Алина

Керемет өлең!

Жадыра

Керемет өмірдің бар мағынасы мен мәні суреттелген өлеңдер

Талғат Мақсат

Өте керемет өлең

Бақдаулет

Бұл өлеңнің толық нұсқасы емес.Кейбір жолдарын тастап кетіпсіз.

Боря

Өлеңдері жақсы. Маған тайап қалады екен.

Ильяс

'Кім айтты сага' боп қалыпты бир жеринде

Сара

Мұхтар Шахановтың Жігерлендіру өлеңі супер

Бейсек

Толық нұсқа! рахмет!

Мухтар

Олен керемет екен. быз быр болыгын тындап жур екенбызгой толык нускасы керемет екен.

Аяулым

Өте керемет өлең екен жүрекке жететіндей жазыпты Мұхтар Шаханов ағамызға рахмет

Пікір қалдырыңыз

12-3=?

  • 2
  • 18

Қырқасынан қыран ұшқан, сен ержеткен аймақты,
Ертеде бip хан билептi, қайсар әрi қайратты.
Қартайса да, шапқан аттың құлағында ойнапты,
Қия тартқан мақсатына иек артпай қоймапты.

Толық

Өмір - өзен

  • 0
  • 0

Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік
Қол ұстасып бақыт жырын шертеміз дедік.
Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға,
Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.

Толық

Гүлдәурен

  • 0
  • 1

Асау өмір арнасында,
Шалқып сәби сезімменен.
Он жыл мектеп партасында,
Бірге отырдым өзіңменен.

Толық

Қарап көріңіз