Өлең, жыр, ақындар

Ормандағы оқиға

  • 25.06.2016
  • 0
  • 2
  • 20130
Көргендер де,
Көрмеген де арманда,
Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда.
Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да,
Қара аю да, күшіген де, жылан да,
Қырғауыл да, қосаяқ та, зорман да,
Бас қосыпты сол маңда.
Қоян кепті қос құлағы ербеңдеп,
Тасбақа да орын тепті төрден кеп.
Сан орманның тамашасын тауысқан
Ән шырқады ала қанат сауысқан.
Жапалақ та ән шырқады толғана,
Кезек әзер жеткен кезде қарғаға,
Маңдайына алақанын жастана,
Тыңдаушылар қалғып кетті, масқара.
Қоян айтты:
- Қалай болған күнде де,
Ән кезегін ұсынған жөн Пілге де!
Бір тыңдаушы айқай салды:
- Немене?
Өнер шіркін, қара күшке көне ме?
Одан қайта Піл ағай
Тауға барып тасымай ма бөрене?
Бірақ жұрттың елең қылмай бұл сынын,
Піл ән салды бұлғаңдатып тұмсығын.
Тумады-ау деп ой сергітер байтақ ән,
Қалың қауым қалғып кетті қайтадан.
Осы сәтте Бұлбұл әнге басты бір,
Қарт тоғайдың елестетіп жастығын.
Мүлгіп кеткен тыңдаушы жұрт оянып,
Жанарынан ризалықпен шашты нұр.
Көпке дейін тежеу мүмкін болмады
Ұлан-асыр қуаныштың тасқынын.
- Өте орынды соғылды бұл шапалақ,
- Деп сөз алды тостаған көз жапалақ,
- Біз де өнерін қадірлейміз бұлбұлдың,
Бірақ аз-мұз шатағы бар құрғырдың,
қараңдаршы, бір қанаты қырқылған,
балақ жүні ұйпаланған, жыртылған,
Достарым-ау, жатқан жоқ па осында,
Бет қызартар үлкен істің былығы?
Қаршыға айтты:
- Доғар сөзді, тасынба,
Бұл өзіңдей пенделердің қылығы,
Онсыз, сірә, күн кеше ме майдалар?
Әйтсе-дағы бір сыр шерттің ойланар.
Мына сенің қанатың сау, ал содан,
Жұртқа қандай пайда бар?
Ауыр еді бұл сұрақтың салмағы,
Елдің көбі Қаршығаны қолдады.
Баз біреулер тұрып алды табандап
Бұлбұл әнін жерге соға жамандап.
Тек Қарақұс қалыс қалды...
Келмеді оның тіпті көзге түскісі.
Өнерінің құдіреті жағынан
Бұлбұл, сөзсіз, құс біткеннің күштісі.
Мақтар еді жарылып бір ағынан,
Ой шырмаған қызғаныш ит тағы бар.
Ал даттауға қорқатын ол Бұлбұлдың
Үлкен болашағынан.



Пікірлер (2)

Қазақ қызы

Өте тамаша.Маған салса Мұхтар Шаханов ағамызды Нобель сыйлығына ұсынар едім.Өнеріңіз өрге жүзсін ақын аға.

Жанарова Тамара Мамытқызы

Мұхтар Шахановтың барлық өлеңдері ұнайды,Мұхтар аға,сіз сияқты ұлтын шексіз сүйетін ұлдары бар кезде қазақ ұлты да, қазақ тілі де мәңгі жасайды!

Пікір қалдырыңыз

Арман

  • 3
  • 32

Ерте, ерте, ертеде Отырарда,
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала.

Толық

Айналайын

  • 0
  • 1

Өзің едің тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде.
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?!

Толық

Жеңіс пен жеңіліс арифметикасы

  • 0
  • 0

Сәлем, ұлы Сыр елі,
Күріш елі, ырыс елі, шындық елі, жыр елі.
Досы түгіл, қасына да әр кез ашық жүрегі
Өлкелік өр дәстүріңді бүкіл қазақ біледі.

Толық

Қарап көріңіз