Гагра ақшамы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Гагра ақшамы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 621
Алтын күн шұғылаға оранып батады алаулап,
Ал теңіз, ғұлама ғалымдай толғанып, жатады манаурап
Бұл сәтте күмбезі күміске боялған көк шілтер жотаны
Жаңғырта
бұлақтар сейілшіл қыздарша
Сыңқылдай күліп тіл қатады.
Асқарда құз-шыңдар жамылып ақ шәлі
Алау нұр жол төсеп теңізге
Жанады аспанның тақ шамы,
Көгілдір кешкі Нұр ғашықтай аймалап мәуелі
Көңіліңді жетелеп көк күмбез ғарышқа
Сезімді баурайды баурайды сені де Гагра ақшамы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері