Өлең, жыр, ақындар

Таң жыры

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 879
Таңында Октябрьдің қуанам да,
Жыр төкпей жүрегімнен тұра алам ба?!
Көгінен жаңа ғасыр туған күндей —
Сәулесін сеуіп мәңгі тұр адамға.
Арайлап бақытты өмір таңы атқалы
Қырандай қанат қақты ел қияларға!..
Тумаса ел бағына ұлы Октябрь —
Ал қызыл гүлге далам оранар ма!..
Тың жерде алтын мұртты жайқалды егін
Қызықпай оған адам тұра алар ма?
Әндетіп Есіл, Нұра өзендерім
Құйылды сұлу жырдай құлап алға!
Ертеңмен жанды тербеп оятқандай
Бұлбұлдың сұңқылдаған үні орманда,
Қарайды Алатаудың биігінен
Жеңіспен жеткен елім ұлы арманға.
Октябрь — десек — Ленин — күллі әлемнің
Жарқырап жұлдызындай тұрады алда.
Тіл жетпес бейнесі оның — өмірдей кең,—
Сыймайтын дастан түгіл романға.
Жырым,— тек — Ильич берген жақсы өмірдің,
Тамса екен,— тамшысы боп мұраларға!

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең

  • 0
  • 0

Өлең шіркін — ұялшақ кейде қыздай,
Кейде — қоймас жүректен күйді ағызбай,
Жансыз өлең сезімді суытқандай,—
Басылады жүрекке кейде мұздай.

Толық

Бір қыз көрдім

  • 0
  • 0

Бір қыз көрдім кинода
Бейне жанды қуыршақ;
Аты кім, деп қинама,
Шырамыттым түрін шақ.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Көзін қадап көкте күн
Қараса, қарды ерітіп,
Туыпты айы көктемнің,
Жан иесін сергітіп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар