Өлең, жыр, ақындар

Жұмбақ әлем

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 767
Шөл басқаннан
Шығар биік төрге хан.
Шөлдеп тұрып
Ие болар елге хан.
Шөл дала бұл,
Жұмбақ әлем, жұмбақ сыр,
Шөл дала бұл,
Құпиялы кең жаһан!
Жұмбағы мол,
Құм жамбасқа жасырған.
Мұңдары мол
Ашынудай ашынған
Теңіз дала,
Дауылдан соң басылған.
Дала шөлге бас ұрған
Шөл даланы басынған,
Келе жатқан қайғы бұл,
Келе жатқан ғасырдан.
Шөл даланың
Құпиясын көк білер,
Іштей тұнып,
Үнсіздікпен өтті дер,
Шөл далада
Өткен талай тектілер.
Шөл даламның
Құпиясын көк білер!
Құм емес бұл,
Құм дегенің сиқыр бақ.
Азынаған
Желден әсем күй тыңдап.
Шөл даланың
Көңілі де құпия
Шөл даланың
Өмірі де бір жұмбақ.
Сағынышпен
Сапар кешіп жылда бір,
Шөл даланы
Ұғам десең құмды жүр.
Намаз оқып,
Отыр, әне, ақсақал
Алдында оның –
Құм үйірген бір қабір!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жоғалған бір өлеңім, бір кітабым

  • 0
  • 0

Жоғалған бір өлеңім, бір кітабым,
Мен соны әлі күнге пір тұтамын,
Киелідей көремін не бар, не жоқ,
Жапырақ өлеңіммен, жыр бұтағым.

Толық

Қайттың үйге жанарыңа шық тұнып

  • 0
  • 0

Қайттың үйге жанарыңа шық тұнып,
Пәк жаныңның мөлдірлігін ұқтырып.
Қалғандай бір қайырлаған қайықтай,
Алғандай бір ескегіңді ықтырып.

Толық

Сөйле енді, домбыра

  • 0
  • 1

Кім мойындап басын имес асылға,
Сөзін айтып келер күнге, ғасырға.
Қазағымның Ахметі Жұбанов,
Құрманғазы оркестрі басында!

Толық

Қарап көріңіз