Әйелге деген махаббат – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әйелге деген махаббат» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 28.06.2016
  • 0
  • 1
  • 26164
Түндерде жалын боп өткен
біреуді жаным деп өпкен
сенің гүл еріндеріңнен
әйтеуір жерінбедім мен.
Жұттым да көзде жасыңнан,
төсіңнен өзгеге ашылған
басымды ала алмадым ме
(қайғым ба ең, жанар бағым ба ең?!).
Көлдегі сағым көрікпен
жанарды жанымды еріткен
құштым мен ашқарақ күймен
(білемін - басқа да сүйген).
Ең алғаш құшқаным да - өзің,
балқытқан күш-жалын да - өзің,
ең алғаш сүю дегенді
үйреткен ұстазым да - өзің.
Жанымнан мұңым кеткелі
сен болдың күнім көктегі.
...Қайғым тек - осының бәрі
басыңнан бұрын да өткені...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айдана

керемет

Осы автордың басқа өлеңдері