Азаттық деген - болашақ
- 0
- 1
Азаттық деген не десең,
Арманы елдің жайдары.
Кеңеюі үшін керегең
Кеңескен баба ойлары.
Бұл бетте «Қызының анасына құттықтау тілегі» атты Ғабиден Қожахмет жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Азаттық деген не десең,
Арманы елдің жайдары.
Кеңеюі үшін керегең
Кеңескен баба ойлары.
Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел,
Әке, сізді бүгін бәрі түсінер.
Құрдас десе сізді тұстастарыңыз,
Аға дейді сізді барлық кішілер.
Сендер жайлы тек ән салсын уақыт-күн,
Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың.
Бақыт деген - қыздың қамсыз күлкісі,
Алмастыра алмас оны жақұт мың.
Жылы екенін сезгем осы үннің мен,
Сенің үнің, ана, мейірім білдірген.
Тербеткенде әлди айтып сол үнмен,
Бесігімде-ақ, ана, сонда күн күлген.
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт,
Жанымызға жуытпаймыз бір күдік.
Сен алыстан оралғанда үйіңе,
Шаңыраққа бірге енеді күн күліп.
Роза Макулбаева
асерли жеткизилген ари журекпен айтылган