Біреулер масаттанып табысына – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Біреулер масаттанып табысына» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2016
  • 0
  • 2
  • 18004
Біреулер масаттанып табысына,
жүгірер бас пайдаға жан ұшыра.
Біреулер билік тисе маңғазданып,
ұмытар қайда екенін абзал халық.
Даңқ қуған біреу жүр сабылумен,
біреу жүр кей бастыққа жағынумен.
Біреудің арманы, айтар саған мұңы -
үй-іші, мал басының амандығы.
Біреу жүр сұлу жарды аңсап анық,
таңданып тұрса екен деп барша халық.
Тамақ тоқ, қүйбең жұмыс тосып алда,
біреулер дән риза осыған да...
Ал мен ше?
Ұққандықтан соның бәрін,
отырам оттай жанып-сөніп, жаным.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Менын атым Алтынай

Оте керемет Олен жолдары ертен гылыми жобага айтам жаксы екен

Менын атым Алтынай

Кушты

Осы автордың басқа өлеңдері