Әлде батып кетті ме сөзім менің
- 0
- 2
Әлде батып кетті ме сөзім менің,
әлде сенше жоқ па еді өзіңде мін —
бұрыңғыдай жарқ етіп қарамайсың.
Түсіне алмай, түнімен көз ілмедім.
Бұл бетте «Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлде батып кетті ме сөзім менің,
әлде сенше жоқ па еді өзіңде мін —
бұрыңғыдай жарқ етіп қарамайсың.
Түсіне алмай, түнімен көз ілмедім.
Адам болса сезім мен сенім іздер,
келіңіздер, бері қарай еніңіздер.
Менің байтақ әлемім – планетамды
көріңіздер аралап, келіңіздер!
Хабарым жоқ қасіретті шаң-күдіктен,
атырушы ем қырымда таңды үмітпен.
Табанымды сүйетін қытықтап құм,
жалғастырып жанымды мәңгілікпен.
Өзгелер қызық кешіп жатыр күліп.
Адамдар «ойнап-күлген күнә,» - дейді,
өздері сол күнәға батып жүріп.
Батсам деп күнәсына адамдардың,
jaina
Керемет өлең
Фариза апамыздың мұндай өлеңін алғаш ақатырып отырмын
Ақтарып берсек көп екен