Махаббаттың бәрі де сыйластықтан басталар – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Махаббаттың бәрі де сыйластықтан басталар» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2016
  • 0
  • 0
  • 10226
(әзіл)

Көңілдердің көгіне
Көтерілсе асқақ ар.
Махаббаттың бәрі де
Сыйластықтан басталар.

Көкжиектен түріле
Сезім нұры төгіліп.
Бірі, бірі-біріне
Қол жетпестей көрініп.

Шектеп қойып құмарын,
Тым әріге бармайын деп.
Қол жетпестей сыңарын,
Ренжітіп алмайын деп.

Ашпай мінез түндігін,
Бір-біріне бағынып.
Сәл көрмесе бір-бірін,
Соны ойлап сағынып.

Керегі жоқ түктің де,
Сүйем сені, сенші деп.
Қайда жүрсің күттірме,
Келші, келші, келші деп.

Ұрысады бір күні,
Серттен оңай тайдың деп,
Жолықтырған бір сені
Қырсық шалған қай күн деп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері