Махаббат кездесуі
Бұл бетте «Махаббат кездесуі» атты Ғабиден Қожахмет жазған махаббат туралы өлең берілген.
Қуаныш оты көзінде,
Білінгендей сол бізге бір.
Махаббат атты сезімге
Бөленді бүгін қыз-көңіл.
Алаулы отқа ұқсап па,
Қыз сыры солай білінбек.
Махаббат атты құшақта
Бойжеткен тұрды күлімдеп.
Қол созып арман, үмітке,
Сезгендей болып сан қырын.
Өзі бір сенген жігітке
Тапсырды ару тағдырын.
Қалмаса орын күдікке,
Перзенттік парыз өтелмек.
Қуанды бұған жігіт те
Сені үйге келін етем деп.
Жұлдызға тұнды тағы аспан,
Әрленіп барқыт түнменен.
Жұптарға мына жарасқан
Күлімдеп тұрды күллі әлем!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі