Сен қайда жүрсің
Бұл бетте «Сен қайда жүрсің» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен қайда жүрсің,
мені осыншама сағындырып,
жүрегімді лаулатып жалын қылып?
Мен сені іздеп жүрмін
шығар-ау деп жарқ етіп түзден бір күн,
мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке
ашу, ыза - кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән-арманым,
басқаларға айта алмас сырымды мен
ішімде бүгіп жүрем -
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
көмілмей жасқа, мұңға!
Орап сені сағыныш - ақ сағымға
(қымсынбаймын бар әлем қарап қалса),
сені ұйықтатып алдымда таң атқанша,
отырамын көз ілмей бас жағыңда.
Дана
Өте керемет өлеңдер