Бұл бетте «Ақжайық» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыстағы
байсалдылық былай қалып,
Жайықтың суы
жатыр ылайланып.
Бұлқынған сағынышпен жүректердей,
соғады жарға
толқын шыр айналып.
Толқынын
Ақжайықтың тамашалап,
қиялдар
жетелейді қарасам-ақ.
Кейде үнсіз,
кейде долы - ерке мінез,
өзіңе осы кейпің
жарасады-ақ!
Жайығым - ата
қоныс, игі мекен,
ақ бурыл
толқындарың жүйрік екен.
Құшасың құмарлана жағалауды,
өзіңді о да бір
кез сүйді ме екен...
Кей сәтте
байсалдысың, ақылдысың,
кей сәтте
сескендірер батыл күшің.
Қаншама ұмтылсаң да кең далаға,
аса алмай
жаға-жардан жатырмысың?!
Аяулым
Керемет