Қадалып, іштей тамсана – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қадалып, іштей тамсана» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2016
  • 0
  • 1
  • 6661
Қадалып, іштей
тамсана,
қайтесіз мені
ұялтып.
Өртенсеңіз де
қаншама,
мен үшін құрмет - сый артық.
Бетке алып өзен
жағасын,
сырлассам, рас,
сізбенен,
жүрек те табар
жарасым,
бағым ба ең әлде
іздеген?!
Қадірлі туыс бол
маған,
таппайын сізге
баға да.
Жүректе мәңгі
орнаған
бір тентек інің
бар, аға!


Пікірлер (1)

Асема Касаболатова

Оте керемет олендер

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері