Өлең, жыр, ақындар

Ортақ еді біздің салған әніміз

  • 04.08.2016
  • 0
  • 0
  • 8418
(Тұрмыс құрып жатқан бойжеткенге құрбысының тілегі)

Уақыттың бірге жылжып күндері,
Жылыстайтын әр кезеңмен жыл легі.
Ортақ еді біздің салған әніміз,
Таңымыз да қарсы алатын бірге еді.

Бірге еді армандардың оттары,
Сыр да ортақ қиял қуған шақтағы.
Бірақ бізді қыз-бақытқа апарар
Уақыттың бөлек еді соқпағы.

Міне, құрбым, сол бақытқа беттедің,
Маған қымбат - сен шаттыққа жеткенің.
Тұрмыс құру - тұғырлы жол өмірде
Қыз ғұмыры қарсы алғандай көктемін.

Туған үйің әлпештеп еді сені де,
Келін болдың сүйіктіңнің еліне.
Сол өмірде бақытты бол жарыңмен,
Көктеміңнің көтеріл де көгіне.

Сол көктемің болсын қымбат, ғұмырлы,
Шын сыйлаңдар бірің әр кез біріңді.
Тұрмыс жолда тұмар тағып бақыттан,
Қуанышпен атқыз әрбір күніңді!

Әрбір сәтің бақытпенен көктесін!
Жүзіңнен тек шаттық күлкі кетпесін!
Әрбір таңың ашық болып атсын да,
Әрбір жылың той-думансыз өтпесін!

Думан күнді бірге қарсы алыңдар,
Арман жолға ортақ бірге барыңдар.
Отауларың құтты болсын көтерген,
Мына өмірде тек бақытты болыңдар!

Сыры да ортақ, жыры да ортақ үнемі
Осы саған құрбыңның ақ тілегі.
Сенің осы бақ жолыңа жүрегі
Барлық, барлық жақсылықты тіледі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлі едің аялаған ата-ананың

  • 0
  • 1

Отбасы - адалдық пен алғыс бағы,
Қос жүректің сүюі, жан құштары.
Балапандай көруші еді сені өмірде,
Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы.

Толық

Әйел-Ана

  • 0
  • 3

Болмысың, бар тілегің елің үшін,
Әйел-жар, отбасының сенімісің!
Тәлімін Ару-ғұмыр күннен алған
Сен бүгін бір әулеттің келінісің.

Толық

Сайтқа арнау

  • 0
  • 0

Жүректерді ізгілікке елең ғып,
Сонда айтылар әсем ән мен өлеңді ұқ.
Салтанат па, мереке ме, мейрам ба,
Бір-біріне "Құтты болсын!" деген жұрт.

Толық