Алып қоңырау
Бұл бетте «Алып қоңырау» атты Мөлдір Маркабаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ы.Алтынсаринның 175 жылдығына арналады.
Қостанай Торғай даласын,
Оятқан алып Қоңырау.
Қазақтың қара баласын,
Жинаған алып Қоңырау.
Қиын-қыстау заманның,
Жұлдызы болып жарқырап.
Қуарып жатқан өлкеге,
Бұлақ болдың арқырап.
Бір Аллаға сиынып,
Саманнан мектеп қаладың.
Әліппе беріп қолына,
Сауатын аштың баланың.
Бастадың сара жолыңды,
Ұл-қызын жинап даланың.
Дара жол болып тарихта,
Есімі қалды дананың.
Қостанай облысы
Қостанай ауданы
«Глазунов орта мектебі» ММ
мемлекеттік тілде оқитын 6-сынып оқушысы Марқабаева Мөлдір Асылханқызы
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі