Балдызға (Бірінші хат) – Міржақып Дулатұлы

Бұл бетте «Балдызға (Бірінші хат)» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.10.2016
  • 0
  • 0
  • 6532
Сәлем жаздым балдызға
Осы ауылда кез келіп,
Қазақшылық ғұрпында
Бар ғой деп қақым жезделік.

Бұрын солай болушы ед,
Кетпесе заман өзгеріп.
Жатсынбасаң, Жәнима,
Бізде болмас өзгелік.

Сен бір бұлбұл сайраған,
Бұл өнерің білінді.
Жақсыға құмар жездеңе
Естіртші бүгін үніңді.

Бір көргеннің бірімін,
Мұндай гүлді кім көрген?
Мадақтауға сипатың
Бармай тілім күрмелген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері