Наурыз - барша ұлтқа ортақ мереке – Жансауле Хуантай

Бұл бетте «Наурыз - барша ұлтқа ортақ мереке» атты Жансауле Хуантай жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Наурыз – думан, Наурыз – жыр көктем,
Көңілде шаттық шуағын төккен нұр көктем.
Ұлы күнде береке, бақ, ырыс қонған,
Ұлыстың ұлы күнгі - Наурыз көктем.

Қырғыз, қазақ, ұйғыр, татар, кәрістей,
Ағайын боп думандатқан мереке.
Құт-береке, ырыс қонған байтақ елде
Қыдыр кезген, бақ қонған, жыр мереке.

Мәз мереке көктемнің нұр шуағы
Халықтың ұлы күнгі ұлт мейрамы
Таңқалдырған бар әлемді салт-дәстүрмен
Және дағы құрт, көже, бауырсақпен.

Алтыбақан аясында Қыз Жібектер
Ән бастап, жырын төкті сыр сазымен.
Бар халыққа ортақ болған бұл салтанат
Көктемнің шуағы түскен әз мереке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Наурыз - барша ұлтқа ортақ мереке өлеңінің авторы кім?

Жансауле Хуантай — осы өлеңнің авторы.

Наурыз - барша ұлтқа ортақ мереке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Наурыз - барша ұлтқа ортақ мереке өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Наурыз - барша ұлтқа ортақ мереке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері