Сексеннің біз де келдік жетеуіне
- 0
- 0
Сексеннің біз де келдік жетеуіне,
Жаманның ергенім жоқ жетегіне.
Біз байғұс қалтақ-құлтақ етіп келдік,
Біздей шал жатып қалды төсегінде.
Бұл бетте «Отан» атты Айлина Абдираймова жазған отан туралы өлең берілген.
Сексеннің біз де келдік жетеуіне,
Жаманның ергенім жоқ жетегіне.
Біз байғұс қалтақ-құлтақ етіп келдік,
Біздей шал жатып қалды төсегінде.
Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,
Қатепті қайыспайтын қара нардай.
Аузына байтақ жұрты анталаған,
Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай.
Ар жағың Ер Есболай, Итемгеннен.
Келеді айқын жүйрік ит өлгеннен.
Қайтпады қайран елдер қауымына
Ажалға өзі барып сүйкенгеннен.
Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса,
Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас.
Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл,
Жігіттік - өтер, кетер бір қызыл гүл.
Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік.
Асем
Оте жаксы олен ❤
гүлзифа
тамаша шығарма
алтынбек
Оте тамаша керемет
Алма
Бұл олең авторы кім екен
Мөлдір Садықова
Ұнады.Керемет
Диас
Мықты